Шымкент қаласының ауруханасына денесінің 80%-ын күйік шалған 1988 жылғы әйел түскен. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Baq.kz.
Тассай шағын ауданында Юсуф Самери көшесінде 31 жастағы әйел өзін-өзі өртеп жіберген.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, әйел адам өзіне бензин шашып, өртеп жіберген.
Денесінің 80%-ын күйік шалған әйел, Шымкент қаласы орталық ауруханасына жеткізілген. Болжам бойынша, әйел мұндай қадамға жігітімен ұрсысып қалғаннан барған болуы мүмкін. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.