$ 498.34  519.72  4.85

Өгей әкесі отбасының 3 адамын пышақтағанда, 12 жастағы бала терезеден секіріп аман қалды (ВИДЕО)

Баланың үстінде іш киімінен басқа түк жоқ.

Өгей әкесі анасы мен екі бауырын пышақтап өлтіргенін көрген бала үйінен қашып үлгерді. Мәселен бір еркектің өзі бұрынғы әйелін бауыздаған.Одан бөлек, үлкен өгей  және туған ұлын пышақтап өлтірген. Skifnews.kz ақпарат порталы Radiosputnik.ria.ru таратқан дереккөзіне сілтеме жасай отырып қайғылы оқиға Татарстанда болған деп хабарлайды.

«Россия 24» жариялаған роликте баланың тәулік бойы жұмыс істейтін наубайханаға қарай көмек шақыруға жүгіріп бара жатқаны көрсетілген.

Баланың үстінде іш киімінен басқа түк жоқ.

Дүкен қызметкерлері жедел жәрдем шақырып, балаға алғашқы көмек көрсетуге тырысқан. Шамалы уақыт өткенде ғимаратқа дәрігерлер келіп, баланы ауруханаға алып кетті.

 Белгілі болғандай, мұндай сорақы оқиға Менделеевск қаласында болған. 
 Осыған дейін үш рет сотталған еркек бұрынғы әйелін, 19 жастағы өгей ұлын және небәрі 2 жасар туған ұлын өлтірген. Ішімдікке сылқия тойған өгей әкесінің жауыздығынан тек ғана 12 жастағы бала  пәтердің терезесінен секіру арқылы аман қалып отыр.

Қаскөй кейінірек ұсталды. Ол 41 жастағы азамат. Ол тергеушілерге мұндай әрекетке қызғаныштан барғандығын жеткізді. Белгілісі еркек қылмыс жасау кезінде мас болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары