$ 444.22  476.38  4.82

Жойқын жарылыстан көп қабатты үйдің түгі қалмады

Өрт толығымен сөндірілмеген.

Польшаның оңтүстігіндегі тау-шаңғы курорты орналасқан жерде көп қабатты тұрғын үй жарылды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жарылыстан кейін оқиға орнында өрт шыққан. Ғимарат толығымен қирап түсті. Жарылыс кезінде онда 8 адам болған. Қазір жүзге жуық маман үйінділер астынан оларды іздестіріп жатыр. Құтқару операциясына арнайы техника мен иттер жұмылдырылды. Ал өрт толығымен әлі сөндірілген жоқ.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары