Польшаның оңтүстігіндегі тау-шаңғы курорты орналасқан жерде көп қабатты тұрғын үй жарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жарылыстан кейін оқиға орнында өрт шыққан. Ғимарат толығымен қирап түсті. Жарылыс кезінде онда 8 адам болған. Қазір жүзге жуық маман үйінділер астынан оларды іздестіріп жатыр. Құтқару операциясына арнайы техника мен иттер жұмылдырылды. Ал өрт толығымен әлі сөндірілген жоқ.