$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарлық тұрғын өз үйінің ауласында кісі қолынан өлім құшты

Полиция аумақты қоршауға алды.
фото: Аigak.kz
фото: Аigak.kz

Павлодардағы аулалардың бірінде  кісі өлімі оқиғасы болды. Яғни, тұрғындардың бірін өз ауласында өлтіріп кеткен. Бұл ақпаратты Sputnik.kz-ке Павлодар облысы полиция департаменті растады.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, трагедия Естай көшесіндегі №134/1 үйдің ауласында болған. Осы үйдің тұрғыны көз жұмды деп хабарланып отыр. Полиция аумақты қоршауға алды.

"Өте керемет жан, отағасы, әке, ата еді. Әрқашан көмекке келуге дайын тұрды", - деп жазады желі қолданушыларының бірі.

"Оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабы ("адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіні анықтау және ұстау шарасы жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат жарияланбайды", - деді өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Белялова.

Бұл бапқа сәйкес, кінәлі деп танылған адам 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары