$ 494.87  520.65  4.91

Тергеу изоляторынан ер адамның мәйіті шықты

Камерадағы адамдардың арасында жанжал туып, ол төбелеске ұласқаны мәлім болды.

Қарағанды тергеу изоляторындағы камерада ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 Комитеттің хабарлауынша, 2 желтоқсанда Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тергеу изоляторының қызметкерлері мекеме камерасынан қамауға алынғандардың бірінің мәйітін тапты.

 "Жедел-тергеу іс-шаралары барысында камерадағы адамдардың арасында жанжал туып, ол төбелеске ұласқаны мәлім болды. Олардың бірі екіншін жаралап, салдарынан ер адам қайтыс болды", - деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметіндегілер. Күдікті кінәсін мойындады, қазіргі таңда сот алды тергеу жүріп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары