$ 514.65  544.6  5.17

Медбике жаңа туған егіздің сыңарын ұрлап кетті

Бибі тек 6 желтоқсан күні есін жиған көрінеді. Бұл уақытта оның баласы шетінеп кеткен көрінеді. Әйел егіздің екінші сыңары қайда деп сұрағанда жаға ұстатарлық жайтты естіген.

Пәкістанның Белуджистан провинциясында жұмыс істейтін медбике ауруханадан жаңа туған егіздің бір сыңарын баласы жоқ туысына ұрлап қашқан, деп хабарлайды Stan.kz.

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, 4 желтоқсан күні Абдул Хамид есімді азамат өзінің жүкті әйелі Джамила Бибіні Лоралай қаласындағы ауруханаға жеткізіпті. Әйелі босанған соң ер-азаматқа баласы мен жарын үйіне алып баруға рұқсат етіпті. 

Бибі тек 6 желтоқсан күні есін жиған көрінеді. Бұл уақытта оның баласы шетінеп кеткен көрінеді. Әйел егіздің екінші сыңары қайда деп сұрағанда жаға ұстатарлық жайтты естіген. Ерлі-зайыпты дереу полицейлерге хабар берген.

Артынша оқиға бойынша әйел босанған күні кезекші болып жұмыс істеген медбикені қолға түсіріпті. Медициналық орталықтың қызметкері істеген ісін толығымен мойындап, баланы ұрлап апарған мекенжайға дейін айтып берген.  

Тәртіп сақшылары бұл іске медбикеден бөлек, тағы екі қызметкердің қатысы бар екендігін анықтапты. Баланы ұрлаған әйел 17 жыл бойы сәби сүйе алмай жүрген туысына апарып беріпті. Қазіргі таңда бұл іске қатысы бар 4 адам қолға түсіп, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалған.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары