$ 449.58  486.94  4.86

Автобус пен жанармай тасымалдаушы көлік соқтығысып, екеуі де отқа оранды

15-тен астам адам көз жұмған.

Пәкістанның батысында жанармай тасымалдаушы көлік апатқа ұшырап, салдарынан 15-тен астам адам қаза тапты, деп хабарлады ҚазАқпарат, tribune.com-ға сілтеме жасап. 

Пәкістанның батысындағы Белуджистан провинциясында жолаушылар автобусы мен жанармай тасымалдайтын көлік соқтығысып, салдарынан 15-тен астам адам көз жұмған. Бұл туралы жұма күні The Express Tribune газетінің электронды нұсқасында хабарланды.

Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, оқиға Килла-Сайфулла аймағына жақын жерде болған. Екі көліктің соқтығысуы кезінде жанармай тасымалдайтын көліктегі бензин өртенген. Екеуі де отқа оранған күйі жыраға түсіп кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары