$ 494.87  520.65  4.91

БҚО-дағы жол апатынан 2 әйел тіл тартпай кетті (ФОТО)

Сонымен қатар, жол-көлік оқиғасынан жеті адам зардап шеккен.

Тағы бес адам зардап шегіп, Бөрілі ауданының орталық ауруханасына  жеткізілді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы «Мой город»-қа сілтеме жасап.  

БҚО ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы Пугачево ауылына жақын маңда, Бөрілі-Ақсай тас жолында болған. 

«ВАЗ-21102» маркалы автокөліктің рөлінде отырған 23 жастағы азамат қарсы жолға шығып, «Лада Ларгус»-пен соқтығысып қалды. Оның тізгінінде 55 жастағы ер адам болатын. Соққының салдарынан «Лада Ларгус» қарсы жолда келе жатқан «Ford Galaxy» маркалы тағы бір көлікпен қақтығысты. Көліктің жүргізушісі - 42 жастағы ер адам»,- деп мәлімдеді БҚО полициясынан.  

Сонымен қатар, жол-көлік оқиғасынан жеті адам зардап шеккен. 

«81 және 54 жастағы екі әйел алған жарақаттарынан оқиға орнына қаза тапты. Қалғандары түрлі жарақаттармен Бөрілі ауданының орталық ауруханасына жеткізілді», - деп толықтырды ПД баспасөз қызметі. 

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#апат #БҚО