$ 494.87  520.65  4.91

Тұрғын үйден шыққан өрт төрт адамның өмірін жалмады

Оқиға орнынан 1938 және 1985 жылы туған әйелдерің мәйіттері табылған. Сонымен қатар, әлі бір жасқа да толмаған нәрестелер мерт болған.

Торғай кентінде тұрғын үйден өрт шығып, 4 адам ажал құшты. Олардың 2-еуі бала, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, qostanai.мedia-ға сілтеме жасап.

Ауылдастар жерлестеріне қайғырып көңіл айтып, ауруханада жатқандарға қол ұшын беруде. 

Қайғылы жағдай 15 желтоқсанда Торғай кентінде болды. Бұл кезде отбасы кешкі астарын ішіп отырған еді. Үйде барлығы 10 адам тұрып жатты. Олардың 5-еуі – үлкендер, қалғандары бала. 

Өрт басталғаннан 20 минут өткен соң үйдің төбесі опырылып түсті. 1986 жылғы ер адам мен 1997 жылы туған бойжеткен ауруханаға түсті. Олардың денесінің 40 және 45 %-ын күйік шалған. 

2009, 2011 және 2014 жылы туған балалар Арқалық қалалық ауруханасында екінші деңгейлі күйікпен жатыр. 

Оқиға орнынан 1938 және 1985 жылы туған әйелдерің мәйіттері табылған. Сонымен қатар, әлі бір жасқа да толмаған нәрестелер мерт болған. 

Өрт шыққан кезде отбасы мүшелерінің бірі жұмыста еді. Қайғылы жағдай туралы ер адам кеш естіген. 

Тілсіз жаудың неден болғаны белгісіз. Қостанай облыстық ТЖД анықтап жатыр. Оқиға орнынан зақымдалған газ балоны анықталған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары