$ 494.87  520.65  4.91

Абай болыңыз! Алаяқ астана тұрғындарымен «полиция ойынын» ойнап жүр

Полицияға қазірдің өзінде зардап шеккен 3 адам жүгінген.

Полицейлер құқық қорғау органдарының жалған қызметкерінен зардап шеккен азаматтарды іздестіруде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы елорданың ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтан қаласының ПД өзін құқық қорғау және арнайы органдар қызметкері деп таныстырып, өтірік-айламен қала тұрғындарынан ақша бопсалаған 1992 жылы туған М.есімді азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. 

«Жұмысқа орналастырып, мәселені шешемін деп уәде еткен М.есімді азамат қоқан-лоқы көрсету арқылы өзінің атына автокөлікті рәсімдеуді және көрсеткен қызметі үшін ақы төлеуін талап еткен. Арнайы операцияның барысында құқық қорғау органдарының жалған қызметкері ұсталды. Қазіргі таңда алаяқтық және бопсалау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.  М. есімді азаматқа «қамауда ұстау» шарасы қолданылды», - деп хабарлады полицияда.   

Нұр-Сұлтан қаласының ПД Тергеу басқармасының мәліметінде айлакердің әрекетінен зардап шеккендер болуы мүмкін екендігі айтылды. Полицияға қазірдің өзінде зардап шеккен 3 адам жүгінген.  
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары