$ 494.87  520.65  4.91

Тығылып темекі шегіп, телефонмен ойнаған монах тоқ ұрып өлді

Монах өлі күйінде қолдары жоғары көтеріліп төсекте жатқан. Дереккөзіне сүйенсек, ол  өлер алдында телефон ұстап отырған. Оның жанында темекінің күлсалғышы болған және айналасында кофе қалташалары шашылып жатқан.

Тайландта будда дінін уағыздаушы монах тоқ көзінен келген соққыдан қаза тапты. Ол телефонды тоқ көзіне қосып, ойын ойнап отырған кезінде бақилыққа аттанып кеткен. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

49 жастағы Фра Руанг Йот көрші ауылға миссионерлік жұмысын орындауға барамын деп таныстарына хабарлаған. Бірақ, бұл сөзі арқылы өтірік ақпарат таратып, оның орнына үйшігіне (лашық) тығылып, монах бола тұра темекі шегіп, кофе ішкен. Негізінен оның бұл әрекеті басқалар үшін күнә деп есептеледі.

Арада үш күн өткенде көрші ауылдан басқа монахтар келіп, Фра Руанг Йоттың олармен бірге бармағанын айтады. Осыдан кейін оны көпшілік іздеп, монахтың мәйітін үйшігінен тауып алады. Мәйіт табылғанша бірнеше күн жатып қалған, тіпті, денесі саси бастапты.

Монах өлі күйінде қолдары жоғары көтеріліп төсекте жатқан. Дереккөзіне сүйенсек, ол өлер алдында телефон ұстап отырған. Оның жанында темекінің күлсалғышы болған және айналасында кофе қалташалары шашылып жатқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары