Өскеменде өртеніп кеткен адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап.
Өскемен қаласындағы Добролюбов көшесінде өрт шықты. Тұрғындар өрт сөндіру қызметіне даладағы қоқыстардың жанып жатқанын айтқан. Құтқарушылар жалынды ауыздықтап жатқанда, ол жерден бір ер адамның мәйіті табылған.
Мамандар өрттің шығуына отты абайсыз қолдану себеп болған дейді.