25.12.2019, 09:15

Алматыдағы жантүршігерлік жол апатынан екі адам тіл тартпай кетті (ВИДЕО)

фото: Tengrinews.kz
Бұл жол апатына Hyundai Getz және LADA Granta жеңіл көліктерінің "Ақбұлақ" базары маңында соқтығысып қалуы себеп болып отыр.

Алматыдағы базар маңындағы Солтүстік айналымда жол апаты болды. Оқиға салдарынан екі адам қаза тапса, бес адам түрлі дәрежеде жарақат алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жол апатына Hyundai Getz және LADA Granta жеңіл көліктерінің "Ақбұлақ" базары маңында соқтығысып қалуы себеп болып отыр.

Екі көліктің соқтығысуынан LADA Granta аударылып кеткен. Апат салдарынан бес адам оқиға болған жерге жақын маңда орналасқан ауруханаға жеткізілді.

Фото: Tengrinews.kz

1994 және 1997 жылғы екі адам жедел жәрдем қызметкерлері жеткенше тіл тартпай кеткен. Олардың бірі LADA Granta көлігінің жүргізушісі болса, екіншісі - сол көліктегі жолаушы. Оқиға орнынан түсірілген видео инстаграмдағы @kris_p_almaty парақшасында жарияланды.