Америкалық азамат банк тонап, ол ұрлық арқылы алған ақшасын далаға шатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол ақшаны далаға шашу арқылы халықты келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаған.
Американың Колорадо-Спрингс штатындағы банктердің біріне ұрлыққа түскен ұры ойын жүзеге асырғаннан кейін қылмыс орнынан қашып кетіп, ақшаны уыстап, көкке қарай лақтыра бастаған. Hill дереккөзіне сүйенсек, "қайырымды ұры" әр ақша лақтырған сайын "Жаңа жыл құтты болсын!" деген тілек айтыпты.
Банк тонау оқиғасы осы аптаның дүйсенбі күні болған. Куәгер банк тонаушы адам жайлы көргенін айтып берді. Ол 65 жастағы Дэвид Оливер деген кісі болып шықты. Қылмыс болғаннан бастап-ақ полиция одан күдіктенген.
Полиция қызметкерлеріне ұсталған кезде Оливер ешқандай қарсылық білдірмеді. Тіпті, оны тінту кезінде полиция қауіпті қару да таппаған. Куәгерлердің сөзінше, ақша шашылған аймақтан өткен тұрғындар ақшаларыдың барлығын жинап алып, банкке қайтарған.
Әзірге Оливердің банктен қанша қаржы ұрлағаны белгісіз.