$ 514.65  544.6  5.17

Талдықорғанда әскери қызметшінің мәйіті табылды

Қорғаныс министрлігі заңнамаға сәйкес марқұмның отбасына көмек көрсетеді.
Фото: Ernur.kz
Фото: Ernur.kz

Талдықорған қаласындағы шағын аудандардың бірінен әскери қызметшінің мәйіті табылды.
Бұл фактіні ҚР Қорғаныс министрілігі Ақпарат және коммуникация департаментінің басшысы Данияр Әлжанов растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Талдықорған қаласының Қаратал шағын ауданында 36 жастағы әскери қызметшінің өлі денесі табылды. Жергілікті полиция жедел-тергеу тобын құрып, істің жай-жапсарын анықтауды бастап кетті, - дейді Данияр Әлжанов.

Оның айтуынша, Қорғаныс министрлігі заңнамаға сәйкес марқұмның отбасына көмек көрсетеді.

«Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бабы бойынша тіркелген. Тәжірибелі полиция қызметкерлерінен құрылған жедел-тергеу тобы бұл қылмысты ашу үшін шаралар қабылдауда», - деді Алматы облысының полициясы.

 Қазіргі кезде әскери қызметшінің өліміне қатысты тергеу  ісі Ішкі істер министрлігінің бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары