$ 443.35  475.54  4.82

Қарағандыда мас жүргізуші қатты жылдамдықпен 6 көлікті соқты

Оқиға Құрылысшылар даңғылы бойындағы үйлердің бірінің тұрағында болған.

Қарағандыда Mercedes жүргізушісі алты көлікті қиратты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, жол апаты кезінде 26 жастағы жүргізуші мас болған.  

Оқиға Құрылысшылар даңғылы бойындағы үйлердің бірінің тұрағында болған. Mercedes асқан жылдамдықпен кезек-кезегімен алты автокөлікті соққан. Соқтығысу салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы зардап шеккен жоқ. Автокөлік қатты бүлінген. 

"Шамамен түнгі 2:30-да жүргізуші тұрақ қоршауын бұзып өтіп, сонда тұрған көліктерге соқтығысқан. Полиция мәліметі бойынша, жол апаты кезінде 26 жастағы жүргізуші мас болған", - делінген Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Осы дерекке қатысты тергеу басталды. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, қажетті сараптамалар тағайындалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары