$ 494.87  520.65  4.91

Оралда 5 күзетшіден оңбай таяқ жеген азамат ауруханаға жетпей көз жұмды

Мәйіттің қабырғасының үстіңгі қуысында және иықтан төмен бөлігінде бірнеше пышақ жарақаттары бар болып шықты. Оған қоса, оның бет-аузы домбығып ісіп кеткен.
фото: Мир 24
фото: Мир 24

Оралда 5 күзетшіден оңбай таяқ деген бір азамат ауруханаға апарар жолда көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, "Мой город"-қа сілтеме жасап.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиға 25 желтоқсан күні таңғы сағат 05:00 шамасында Омега ауданында орналасқан «Конденсат» жанар-жағармай құю бекетінде болған. Сол жерден қоңырау шалған адам бір топ жігіттің белгісіз біреуді соққының астына алып жатқанын хабарлаған.

"Полиция жасағы оқиға орнынан үсті-басы қан-қан болған азаматты тапты. Осы дерек бойынша, "Сова" жекеменшік күзет агенттігінің бес қызметкері күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлады БҚО Полиция департаменті.

Оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Айтпақшы, БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі әлгі азаматтың жедел-жәрдем станциясына таңғы сағат 04.52-де қоңырау шалынғанын растап отыр.

"04.57 шамасында жедел-жәрдем көлігі оқиға болған жерге жетті. Сол жерден табылған 32 жастағы азамат облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілер жолда көз жұмды. Мәйіттің қабырғасының үстіңгі қуысында және иықтан төмен бөлігінде бірнеше пышақ жарақаттары бар болып шықты. Оған қоса, оның бет-аузы домбығып ісіп кеткен. Кеудесінде де бірнеше көгерген жарақат іздері болған", - деді денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Адам өліміне себеп болған оқиға жайлы "Сова" күзет агенттігі түсініктеме беруден бас тартқан. Қазір аталмыш оқиғаға байланысты өзге де деректер пысықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары