$ 494.87  520.65  4.91

«Бұл - жиіркенішті»: кісі өлтірушінің отбасы қомақты қаржыға ие болды

Стейплтон 2011 жылы 23 жастағы индиялық студент Ануже Бидвенің басына оқ атып өлтірген.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Ұлыбританияда  адам өлтіруші қылмыскердің ағасы Киаран Стаплтон (Kiaran Stapleton) мобильді қосымша арқылы 900 мың фунт стерлинг ұтып алды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Бұл - қылмыскердің отбасындағы екінші үлкен жеңіс. Осыдан 7 жыл бұрын оның әпкесі 
Мэнди Берджесс лоторея ойнап, 1 миллион фунт стерлинг ұтып алған.

The Sun басылымы жазған мәліметке сүйенсек, қылмыскердің отбасының лотореялық ойындардан жолы болғыш екен. Басылымға атын жариялаумауды өтініп, сұхбат берген адам Стейплтон отбасының құмар ойындар арқылы үлкен сәттілікке ие екендігін атап өтті. «Бұл - жиіркенішті», - деп пікір білдірді ол.

Стейплтон 2011 жылы 23 жастағы индиялық студент Ануже Бидвенің басына оқ атып өлтірген. Сол қылмысы үшін 30 жылға түрмеге тоғытылыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары