$ 498.34  519.72  4.85

Екатеринбург-Алматы тас жолындағы апаттан бір сәби қаза тапты

"2019 жылы дүниеге келген сәби ауруханада көз жұмды", - деп мәлімдеді "ҚазАвтожол ҰК" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Маржан Ордабай.

Lada Granta көлігінің жүргізушісі Екатеринбург-Алматы тас жолында болған апатта қаза тапты. Көліктегі бес жолаушы мен сәбиді жедел жәрдем қызметіндегілер ауруханаға жеткізген. Дегенмен, бір сәби аурухана төсегінде түнгі уақытта көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, 29 желтоқсан күні Екатеринбург-Алматы тас жолының 1208 шақырымында жол апаты болды. Апат салдарынан бір адам қаза тапқан. Бес адам ауруханаға жеткізіліп, оның ішінде бір бала көз жұмса, 5 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.

"2019 жылы дүниеге келген сәби ауруханада көз жұмды", - деп мәлімдеді "ҚазАвтожол ҰК" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Маржан Ордабай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сәби #апат