$ 449.58  486.94  4.86

Қызылжарда газ тасымалдайтын жүк көлігі аударылды

17 тонна метан газын Екатеринбургтан Нұр-Сұлтан қаласына жеткізбек болған жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіне түсіп кеткен.

Солтүстік Қазақстан облысында газ тасымалдайтын жүк көлігі аударылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдай кеше кешкісін «Челябі – Новосібір» тас жолының 506 шақырымында, яғни, Қызылжар ауданында болған. 17 тонна метан газын Екатеринбургтен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізбек болған жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіне түсіп кеткен. Қазір оқиға орнында құтқарушылар, жедел жәрдем қызметі және газ саласының мамандары жұмыс істеп жатыр.

"Оқиғаны ести салысымен, кеше барлық арнайы қызмет осы жерге жетті. Олар әлі де кезекшілік жасауда. Қазіргі таңда қауіпсіздік шаралары үшін полицейлер тас жолды екі жағынан жапты. Мамандар кранның көмегімен автоцистернаны тұрғызып жатыр. Ең бастысы, ол тесілмеген екен", - дейді облыстық ТЖД бастығы Рүстем Жұмағалиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары