$ 494.87  520.65  4.91

Жаңа жыл түнінде Нұр-Сұлтанда саяжай өртеніп, сонда қыстап жүрген екі тұрғын қаза тапты

Әрине, жұтаң тұрмыстағы жұрттың баспана алар жағдайлары болмағандықтан, олардың дені шаһар шетіндегі жазғы саяжайларды қыстауға мәжбүр. Араларында әрісі 30 жылға жуық уақыт бойы тұрып жатқандар да бар.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Жаңа жыл түнінде елордадағы «Авиатор» саяжайында өрт болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет мәліметінше, 1 қаңтар күні сағат 03:23-те қала маңындағы саяжайда үй өртеніп, қызыл жалын 80 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Үйдің біраз бөлігі қирап қалды. Қолданылған шаралардың арқасында өрт 04:24-те сөндірілді. Үй ішінен отқа күйген екі дене табылды. Әйел мен ер адамның мәйіті. Өрттің себебі анықталуда», - дейді ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Нұрахметов.

Айта кетсек, тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 16 адам және 3 техника жұмылдырылған.

Жалпы, еліміз тәуелсіздік алғалы бері тіршілігі тұралаған ауыл тұрғындары жаппай ірі қалаларға қоныс аударуда. Әрине, жұтаң тұрмыстағы жұрттың баспана алар жағдайлары болмағандықтан, олардың дені шаһар шетіндегі жазғы саяжайларды қыстауға мәжбүр. Араларында әрісі 30 жылға жуық уақыт бойы тұрып жатқандар да бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары