$ 498.34  519.72  4.85

Жаңа жыл түнінде бір қаланың 220 көлігін өртеп жібергендер ұсталды

Әлеуметтік желі қолданушылар түнгі қасақана өрт қою оқиғаларының кадрларын, көше ортасында жанып жатқан, не аударылған автомобильдердің көріністерін жариялауда.
фото: vestikavkaza.ru
фото: vestikavkaza.ru

Францияда Страсбург полициясы қаланың батыс аудандарындағы Жаңа жыл түні жаппай көлік өртенген оқиғаға күдікті 40 адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат, Dernieres Nouvelles d'Alsace газетіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, 220 автомобиль күлге айналған. «Бізде көп жылдан бері бұндай оқиға болмаған», - деп мойындады Страсбург мэрінің қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Робер Эрман.

«Мен ешқашан да бұндайды көрген жоқпын. Тұрғындар машиналарды үйлердің терезелері маңына қойған. Страсбургтің барлық тұрғын үй орамдарында да осындай. Бірақ ешкім тиіспеуші еді», - дейді ол.

Әлеуметтік желі қолданушылар түнгі қасақана өрт қою оқиғаларының кадрларын, көше ортасында жанып жатқан, не аударылған автомобильдердің көріністерін жариялауда. Таң атқанға дейін жалғасқан тәртіпсіздікті басу кезінде бірнеше құқық қорғау органдарының қызметкерлері жараланған. 

Бұндай келеңсіз жағдай Мюлуз, Мютциг, Оберне, Барре және Селеста қалаларында да орын алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары