05.01.2020, 11:40

Өскеменде жолаушылар автобусы өртке оранды

фото: emer.gov.kz
Қызыл жалын 1,5 шаршы метрді қамтыған.

Өскеменде жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы, қалалық төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.

 Ведомство дерегіне сүйенсек, төтенше жағдай 5 қаңтарда таңғы сағат 08:40 шамасында болған, Өскемендегі Буров көшесінің бойында жолда кетіп бара жатқан қалаішілік №13 автобус өртенген. 

«Кинг Лонг» маркалы автобус қозғалтқышының жылу жүйесінде қысқа тұйықталу салдарынан өрт шыққан. Қызыл жалын 1,5 шаршы метрді қамтыған. 

«Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», деп түсіндірді ТЖ басқармасындағылар. Абырой болғанда өрт кезінде ешкім зардап шекпепті.