Алматылық тұрғын Елена Семенова автобуста балаларының басынан өткен сұмдық жағдай туралы әлеуметтік желіде жазып, дабыл қақты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ананың сөзінше, оның 17 және 9 жастағы балалары 4 қаңтар күні Медеуге барған.
"Достық даңғылындағы Ритц сарайы алаңындағы №12 маршруттың ішінде 17 жасар ұлымды сағат 2: 45-15:00 аралығында бір ер кісі сүйегінен бір ұрған. Автобуста балаларға ешкім араша түспепті. Сол автобуста болған қыздар ұлыма жақындап, бұл жағдайдың қорқыныш туғызғанын айтты", - деп жазды анасы балаларының өмірі үшін алаңдаған ана facebook парақшасында. Шырылдаған ана енді алдағы уақытта автобустың номері арқылы және автобус ішіндегі камералардың көмегімен әлгі бұзақыны табу қиын болмайтынына сенімді.
"Биліктен шара қолдануды, кінәліні тауып, жазалауды сұраймын. Ұлым "керек емес, бәрібір ешкім оны іздеп таппайды деп отыр. Жас ұрпақтың бойында билік пен әділеттілікке деген сенімі осында жатыр", - деп жазған Елена биліктен үміт күтеді.
Осы оқиғаға қатысты факті Алматы қалалық полиция бөлімі, Медеу аудандық полиция бөлімінде тіркелгенін айтып, тергеу, іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.