$ 494.87  520.65  4.91

Ауыл тұрғындарына 2 млн теңгеден астам шығын келтіргендер ұсталды

15-16 желтоқсан күндері аудандағы «Қазақстан» ауылының екі тұрғынына тиесілі асыл тұқымды тоғыз сиыр қолды болған.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Алматы облысында малды ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Факті Алакөл ауданында тіркелді. 15-16 желтоқсан күндері аудандағы «Қазақстан» ауылының екі тұрғынына тиесілі асыл тұқымды тоғыз сиыр қолды болған. Ауыл тұрғындары өздері іздеп таба алмаған соң, жақында ғана полицияға арызданған.

 «Екі жігіт мал ұрлығына қатысы бар деген күдікке ілінді. Олардың бірі бұған дейін ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта екі күдікті де ұсталып, қамаққа алынды. Ұрланған сиырлар Үшарал қаласының маңынан табылды. Қолды болған малдар жергілікті үш фермерге сатылғаны анықталып, тәркіленді және сиырлар заңды иелеріне қайтарылды», - деді Алакөл аудандық Полиция бөлімінің бастығы Қуат Оспанов. 

Облыстық полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, жоғалған сиырлардың тек жетеуі ғана өз иелеріне қайтарылған, қалған екеуі сойылып, еті сатылғаны белгілі болды. Күдіктілер ауыл тұрғындарына 2 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Мал ұрлығы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілердің бұдан өзге қылмыстарға қатысы бары анықталуда.

 «Өткен жылы облыс бойынша мал ұрлығының 680 дерегі ашылған. Сондай-ақ полиция қызметкерлері ұрланған 900 астам малды тауып, заңды иелеріне қайтарды», - деп толықтырды Алматы облысы ДП баспасөз қызметі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары