$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысы: оқушы қызын жүкті қылған өгей әке өз-өзіне қол салды

Сауалнама барысында жәбірленуші өзін 49 жастағы өгей әкесі зорлағанын түсіндірді.
фото: aqmeshit-zhastary.kz
фото: aqmeshit-zhastary.kz

Алматы облысының Алакөл ауданында өгей әкесінен зорлық көрген 8 сынып оқушысы жүкті болып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қыздың жүкті болу фактісін Ювеналды полиция 2019 жылы 25 желтоқсанда Лепсі орта мектебінде жүргізілген сауалнама барысында анықтаған.

«Сауалнама барысында жәбірленуші өзін 49 жастағы өгей әкесі зорлағанын түсіндірді. Дәл сол күні аталған факті Алакөл ауданы полициясының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркеліп, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі (Зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды» делінген хабарламада.

Ал күдікті ретінде жауап алынған ер адам өгей қызын зорламағанын айтып, кінәсін мойындамаған.

«27 желтоқсанда кетіп қалмау жөнінде қолхат берген күдікті ферма шаруашылығы аумағында өзіне қол салды. Алакөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қажетті сараптаманы тағайындай отырып, тергеуді жалғастырып жатыр», - деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ, бұл тергеу барысы Алматы облыстық Полиция департаменті тергеу басқармасының бақылауында болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары