Өскеменде павлодарлық жігіт зейнеткердің үйін тонап кетті, деп хабарлайды Altaynews.kz.
Қолды болған алтын бұйымдардың құны 3 миллион теңгені құрады. Зейнет жасындағы қария дереу полиция хабар берген.
Тәртіп сақшылары баукеспенің ізіне түсіп, автовокзалда қолға түсірді. 20 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны Алматы автобусына билет алып, ізін суытпақ болған көрінеді.
"Қылмыскерге қатысты ҚР ҚК 188 бабы 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", – деп мәлімдеді Полиция басқармасының баспасөз қызметі.