$ 446.49  475.38  4.79

Қаскелеңде тұрғын үйдегі жарылыстан 11 жастағы бала қаза болды

Абырой болғанда өрт шыққан жоқ.
фото: КТК
фото: КТК

Алматы облысының Қаскелең қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі жарылыс салдарынан 11 жастағы бала жан тапсырды. Бұл туралы  Skifnews.kz ақпарат порталы, Төтенше жағдайлар коммитетіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, Төле би көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде газ жарылды. Салдарынан қабырғалас тұрған бірнеше пәтерге нұқсан келген. Абырой болғанда өрт шыққан жоқ.

Фото: Tengrinews.kz

"7 адам, соның ішінде 3 бала түрлі жарақат алды. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. 2009 жылы дүниеге келген бала оқиға орнында көз жұмды. Аталған үйдің тұрғындарын өртке қарсы қызмет қауіпсіз жерге көшіріп, Қаскелең әкімдігі уақытша тұру орнын ұйымдастырды. Жарылыс себебі анықталып жатыр" - делінген ведомство таратқан хабарламада. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары