09.01.2020, 00:25

Ақтөбе облысында 3 мың куб метр мұнай резервуары өртенді (ВИДЕО)

фото: liter.kz
Өртті сөндіруге 8 техника мен өрт сөндіру қызметінің 35 өкілі жұмылдырылды. Сондай-ақ, Ақтөбе қаласынан қосымша күш-құрал ретінде ТЖД-ның 25 қызметкері мен 5 техникасы жіберілген.

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті 8 қаңтар күні кешкі сағат 19:24-те Мұғалжар ауданына қарасты Жаңажол кентінде мұнай қалдықтарына арналған резервуар өртенгенін хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыс әкімдігінің Instagram парақшасындағы ақпаратына сүйенсек, Жаңажол мұнай-газ кешенінің аумағында болған апаттың көлемі – 3 мың куб метр.

Өртті сөндіруге 8 техника мен өрт сөндіру қызметінің 35 өкілі жұмылдырылды. Сондай-ақ, Ақтөбе қаласынан қосымша күш-құрал ретінде ТЖД-ның 25 қызметкері мен 5 техникасы жіберілген.

Зиян шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Ал резервуар ішінде су мен мұнай болған.