Үй есігін ашпай қалған әжей тілсіз жаудың құрығынан құтқарылып, тірі қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қызылорда қаласында 7 қаңтар күні қала тұрғыны 90 жастағы кейуананың үй есігін ашпай жатқандығы жөнінде әжейдің келіні «112» нөміріне хабарлаған.
"Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жоғарғы қабат арқылы тезеден үй ішіне еніп, есікті ішінен ашып кіріп, әжей үй ішіндегі әжетханадан шығар жерде абайсызда құлап, ес түссіз жатқандығын анықталды. Құтқарушылар науқасқа алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметіне табыстады. Қазіргі таңда дәрігерлердің анықтауымен әжейдің инсульт алғаны белгілі болды",- дейді Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Қайратқызы.
90 жастағы әжейді құтқару үшін Жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушы, 1 мейірбике және 1 бірлік техника жұмылдырылған.