$ 514.65  544.6  5.17

Маңғыстаулық браконьерлер тұқымы жойылып бара жатқан қарақұйрықты атып алған

Жазықта мотоциклмен оңды-солды ойқастаған олардан 16 калибрлі қос ауыз мылтық тәркіленді.

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында Қызыл кітапқа енген қарақұйрық атты деген күдікпен ер адамдар ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл тым жойылып бара жатқан жануарды атқандар 7 қаңтар күні ұсталған. Жазықта мотоциклмен оңды-солды ойқастаған олардан 16 калибрлі қос ауыз мылтық тәркіленді.

«Сонымен қатар, ер адамдардан 23 оқ және пышақ тәркіленді. Олардың көлікке құжаттары да болмаған. Қазіргі уақытта осыған қатысты заңсыз аңшылық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болжаммен, жануарды атты деген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды» делінген Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бейнеу аудандық ПБ осы деректі ҚР ҚК 337-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша бірыңғай реестрге тіркеген. Сот-криминалдық сараптама тағайындалды. Ал мотоцикл айыптұраққа жеткізілді.

Бұның алдында Торғай даласынан осындай тым сирек кездесетін жануарлардың бірі – құланды атқан браконьерлер туралы жазған болатынбыз. Ал Ақтөбе облысының шенеуніктері тыйым салынған жерден балық аулап, әкімшілік айыппұлмен құтыла салған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары