$ 514.65  544.6  5.17

Ұшақ апатына қатысты тергеудің қорытындысы шықты

Ұшқыштар бортта төтенше жағдай туындап жатқанын хабарламаған.
Фото: 24 канал
Фото: 24 канал

Иран 8 қаңтарда Тегеранда құлаған украиналық ұшақ апатына қатысты тергеудің алғашқы қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, РИА Новости дерегіне сілтеме жасап.

Елдің азаматтық авиация ұйымының есебінде "лайнер жерге соғылғанға дейін өртенді" деген дерек бар. "Оқиға куәгерлерінің мәліметінше, ұшақтан от көрінген. Ол ұшақтың фюзеляжы бойына тараған", - делінген құжатта.

Фото: dw.com/ru

Ал ведомство дерегіне сүйенсек, лайнердің ұшу траекториясы  ақау болғандықтан, экипаж ұшақты әуежайға қарай кері бұрғанын көрсетеді. Десе де, мұндай жағдай кезінде ұшқыштар бортта төтенше жағдай туындап жатқанын хабарламаған.

Естеріңізге сала кетсек, біз осыған дейін, ұшақтың құлаған жерінен видео және фотосуреттер жариялаған болатынбыз. Көп адамның өмірін жалмаған апат таңертеңгі уақытта болған. Апат салдарынан ұшақта болған жолаушылардың бірде-бірі тірі қалмаған. Айтпақшы, апаттан орнынан студентің құдайға жазған хаты да табылған еді. Белгілі болғандай, ұшақ апатынан қаза тапқандардың басым көпшілігі, Иран, Канада азаматтары. Оған қоса, ұшақта Германия, Ұлыбритания, Швеция, Украина, Ауғанстан елдерінің де азаматтары бар екен.

 Апат салдарының алдын ала болжамдарына иек артсақ, әуе көлігінің құлауына қозғалтқыштың істен шығуы түрткі болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары