Ресейдің Саратов облысында 5 жастағы бала 48 жастағы әкесіне байқаусызда оқ атты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Версия-Саратов» ақпарат агенттігінің жазуынша, бұл оқыс оқиға Ресейдің Саратов облысына қарасты Ивантеевка ауылында болған. Онда кішкентай баланың әкесіне мылтықты беріп жатып, шүріппені басып қалғаны айтылады.
Ал оқ ер адамның мойнына тиген. Кейін ол алған жарақатынан көз жұмды.
«Қаза тапқан ер адамның бірнеше қаруы болған. Оның біреуін өз танысына беріпті. Ол әкімшілік құқық бұзуына байланысты қаруды сақтауға рұқсат беру мерзімін создыра алмаған. Сондықтан осындай шешім қабылдаған» делінген хабарламада.
Кейін анықталғандай, оқыстан қаза тапқан ер адам белгілі кәсіпкер, «Аптека 102» ААҚ-тың бұрынғы директоры Сергей Стекольников болып шықты. Қазір ол жер қойнына тапсырылды.