Оқиғалар 10.01.2020 сағат 09:20

Көшеде пышақ ала жүгірген адамның ерсі әрекеті жұртты шошытты (ВИДЕО)

25-30 жас шамасындағы ер адам дүкен сатушысы мен кездейсоқ жүргіншіге пышақ ала жүгірген.
Көшеде пышақ ала жүгірген адамның ерсі әрекеті жұртты шошытты (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

 Алматыда ер адам дүкен сатушысы мен кездейсоқ адамдарға пышақ ала жүгірген. Бұл оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Оқиға 8 қаңтарда Әуезов ауданында, нақтырақ айтсақ, Достық ықшамауданында орналасқан базарда болған. Полиция хабарламасы бойынша, азиялық түр-кескіндегі 25-30 жас шамасындағы ер адам дүкен сатушысы мен кездейсоқ жүргіншіге пышақ ала жүгірген. 

"Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында күдікті ұсталды, ол 2011 жылдан бері "Параноид шизофрениясы" диагнозымен психиатрлық диспансер есебінде тұрғаны анықталды. Жедел медициналық көмек бригадасы ер адамды Алматыдағы "Психикалық денсаулық орталығына" жеткізіп, сонда жатқызды", - делінген Алматы ПД баспасөз қызметі хабарламасында. 

Осы дерек соталды тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағында көрсеткілген қылмыс белгілері бойынша тіркелді. 
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар