$ 524.65  552.19  5.14

Мандариннің ішінен дәріге ұқсас беймәлім зат шықты

Егер кінәлілер анықталса, олар 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын жемістердің ішінде бейтаныс дәрі тауып алды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ауыл тұрғыны мандаринді тазалап отырып сүйектің орнында тұрған дәрін байқап қалады. Сандуғаш Оқасованың сөзінше, бұған ұқсас дәрілерді ол алма мен алмұрттың ішінен де тапқан. Артынша анықталғандай ол жемістерді жергілікті дүкеннен сатып алған. Жемістер Көкшетау қаласынан әкелініпті. Табылған 9 дәрі мен жемістердің өзін әйел мамандарға тапсырған. Сонымен қатар, тұрғын жағдайды видеоға түсіріп алыпты. Қазіргі таңда оқиға бойынша сот алды тексеріс жұмыстары жүргізілуде. Сараптама нәтижелері алдағы уақытта белгілі болады. 

"Аталған факт ҚР ҚК-нің  306 бабы 1 тармағы бойынша тіркелді. СҚО-ның полиция департаменттігі істі өз бақылауына алды. Егер кінәлілер анықталса, олар 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін",- деді ПД-нің тергеу басқармасы басшысының орынбасары Марат Ахметбеов. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары