$ 443.85  474.3  4.8

Атырауда батарейка жұтып қойған 11 айлық сәби ота жасау кезінде өліп кетті

Оқиға желтоқсан айының соңында болған, бірақ бұл туралы қазір ғана белгілі болды.

Облыстық балалар ауруханасында 11 айлық ұл бала батарейка жұтып қойып, қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "АқЖайық" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға желтоқсан айының соңында болған, бірақ бұл туралы қазір ғана белгілі болды.

Аурухана сәбидің өлімін растап отыр.

"Баланың ішіндегі батарейканы рентген арқылы көрдік. Ауруханада балаға толық наркоз беріліп, эндоскопия процедурасын жасап, қауіпті затты шығарып алмақ болған. Осы кезде сәбидің жағдайы күрт нашарлап, дәрігерлер затты ала алмаған. Сол бойда жасалған ота да көмектеспеді. 28 желтоқсанда балаға ауа жетпей, жүрегі тоқтаған", - деп мәлімдеді Атырау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары