Сотталушы басты сот отырысында тамағын тіліп тастауға тырысып бақты. Ол Шет ауданы, Бұқтырма ауылында 3 жасар баланы ұрлап әкетті және өлтірді деп айыпталып жатқан, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Оған қоса, сот отырысының соңында Игентай Сопыжанов судьяның рұқсатынсыз журналистерге мәлімдеме жасауға тырысты.
"Маған бірдеңе болып қалса, ІІД тергеушісі Сейдалиннен көріңіздер. Менің өліміме кінәлі сол", - деді ол.
Осы сөзін айтқан соң, ол мойнын әлденемен тіліп тастауға тырысты. Абырой болғанда айдауылдар оның қолын қайырып, бірден сот залынан шығарып алып кетті. Айыпталушының тосын әрекетін зерттей келе, Игентай Сопыжановтың осымен екінші мәрте өз-өзіне қол салмақ болғаны анықталды.
Куәгерлердің сөзіне сенсек, ол сот залына алмас алып кіріп, алқа билерді іріктеу бойынша бірінші отырыста өткізуге кедергі болған екен. Айдауыл оны бірнеше рет тексерген. Тіпті, бірнеше тілгіш затын алып қойған екен. Мұның алдында да, бұл жолы да сотталушы өзіне ауыр жарақат сала алмаған. Дәрігерлер оның денесін жіті қадағалап, тілінген жерін тазартып, емдеген. Айыпталушы содан кейін камерасына оралған. Ақырында өз мойнын орып жібергісі келген затын ешкім таба алмай қойыпты.
Игентай Сопыжанов бала ұрлау, кепілге алу және өлтіру баптары бойынша айыпталып жатыр. Істі алқа билер соты қарап жатыр. Мұндай форматты сотталушы өзі таңдапты. Осы баптардың біріккен жазасы өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін баруы мүмкін. Бір айта кетерлігі, бұған дейін Сопыжановтың өзі өлтірген баланың анасының туған әпкесін өлтіргені үшін жазасы ауырламайды екен. Себебі Сопыжанов бірінші қылмысын жасаған кезінде кәмелет жасына жетпеген.
Естеріңізде болса, 5 қаңтарда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Бұрма ауылында үш жасар бала ұрланған. Оны анасының қолынан 23 жастағы ер адам алып қашқан. Ол бұрын сотталған. Ал 8 қыркүйекте сағат шамамен 10:00 шамасында сол аудандағы ауыл маңында полиция қызметкерлері үш жасар баланың денесін тапқан. Күдіктіге іздеу жарияланып, келесі күні қолға түскен.