$ 494.87  520.65  4.91

Алматылық әйел бір пәтерді 20 адамға жалға берді (ФОТО)

Жалға алушылардың үйге кіретін уақыты таяғанда, алаяқ әйел ізін суытып отырған.

40 жастағы әйел үйдің иесі болмай тұрып, бір пәтерді 20-дан астам адамға жалға бермек болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алаяқ танымал сайттарға жарнама беріп, пәтерді әртүрлі мерзімге жалға беру қызметін ұсынған. Ол өзін пәтердің иесі деп таныстырып, клиенттермен келісімшартқа отырды», - дейді Алмалы аудандық полиция бөлімінің бастығы, полковник Есен Ысқақов.

Кейбіреуінен алдын ала төлем ретінде 80 мың теңгеден жоғары қаражат алып алған. Жалға алушылардың үйге кіретін уақыты таяғанда, алаяқ әйел ізін суытып отырған. Алданған адамдар берген нөмір арқылы онымен мүлде байланыса алмаған.

Бұрын осындай қылмыстары үшін сотталған алматылық әйел 20-дан астам адамды сан соқтырды. Белгілі болғандай, ол осы пәтерде медбике болып жұмыс істеп, қарт адамға қарасқан екен.

«Үй иесі - зейнеткер, күдікті оның басқа елге емге кеткенін пайдаланып, мүмкіндікті пайдаланбақ болған», - деді полковник Ысқақов.

Ұсталған азаматтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 40 жастағы әйел Алматы қаласындағы уақытша оқшаулау изоляторына тоғытылды.

Әйелдің заңсыз әрекеттерінен зардап шеккендер болса, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне көрсетілген нөмір бойынша хабарласуын сұраймыз: 8-708-707-92-02; 8-702-333-42-64; 8-775-719-27-27; 8-705-771-13-71; 8-707-391-55-11. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары