Нұр-Сұлтандағы мейрамханалардың бірінде атыс болды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мейрамхана қонақтарының бірі атысты видеоға түсіріп алыпты.
Видеодан көріп тұрғыныңыздай, жігіттер тобы мейрамханаға баса көктеп кіріп келеді. Мейрамхана қонағымен сөзге келген олардың бірі қаруын шығарып, бірнеше рет шүріппені басады.
Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2019 жылы 31 желтоқсанға қараған түні болған.
«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері атыс ұйымдастырғандарды қамауға алды. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-тармағы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.