$ 448.15  483.46  4.86

Павлодар тұрғыны 24 жастағы қызының өлімі үшін күйеубаласынан күдіктенеді

Бірақ, қызынан айырылған анасы Лилияның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Оның бұл қайғылы оқиғаға қатысты өз болжамдары бар.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Павлодар тұрғыны Галина ішкі істер министрлігінен Лилия қызының өлімі үшін кінәлілерді жазалауды сұрап отыр. Әйел қызының суицид жасағанына сенбейді және Лилияның өлімі үшін күйеубаласынан күдіктенеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Галина ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа хат жазды, Оның сөзіне үңілсек, 24 жастағы қызының өліміне қатысты толық және объективті тергеу жүргізілгеніне күманданады.

 «2019 жылдың 11 қарашасында менің 1995 жылы туған қызым Лилия қайтыс болды. Ол күйеуі Маркпен бірге тұратын. Өлімнің себебін - биіктіктен құлау деп көрсетті. Павлодар қаласының Солтүстік ЖӘД тергеу бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Маған жәбірленуші мәртебесі берілді», - деп жазады марқұм қыздың анасы.

Бірақ, қызынан айырылған анасы Лилияның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Оның бұл қайғылы оқиғаға қатысты өз болжамдары бар. Ол қызының өліміне күйеу баласының қатысы бар деп күдіктенеді. Туған баласынан қапыда айырылған ананың сөзінше, қызы Лилияны күйеу баласы  жиі ұрып-соққан көрінеді. Тіпті, олардың ұрыс-керістері кезіндегі айқайды олармен көрші пәтердегілер естіпті.

Анасының сөзіне сенсек, Лилия отбасылық жанжандардың, зорлық-зомбылықтың кесірінен  күйеуімен ажырасуға бел байлаған екен.

"Сізден сыбайлас жемқорлық мәмілесінің болуы мүмкін екендігі туралы егжей-тегжейлі тергеуді жүргізуге бұйрық беруіңізді сұраймын. Оған қоса, бас қаладан тергеу тобын  Павлодарға жіберуіңізді өтінемін. Тергеу тобынының құрамында қызым Лилияның қаза болуының себебін анықтай алатын кәсіби  және қылмысты әшкерелей білетін мамандар болса екен", —  деді Галина министрге жазған өтініш хатында.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары