Желіде қолданушылары арасында "Маңғыстау облысында түсірілген" деген төбелестің видеосы тарап жатыр. Видеодағы кадрлардан үш жігіттің "жағажыртысын" байқауға болады. Олардың бірі қару қолданғаны көрінген, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Lada.kz.-ке сілтеме жасап.
Үш жігіттің төбелесін көрген желі қолданушылары бұл оқиғаны Жаңаөзенде болған деп топшылады. Ал полиция өкілдері болса, желіде желдей ескенвидео Маңғыстау облысында түсірілмегенін мәлімдеді.
"Біздің өңірде мұндай оқиға тіркелген жоқ. Облыс тұрғындарына мұндай видеоларды таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз!", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.