$ 448.56  478.03  4.79

Қызылордада 5 қабатты тұрғын үйде көрпеше өртенді (ВИДЕО)

Тұрғын үй төбесінен ес-түссіз масаң күйде жатқан тұрғылықты жері жоқ азаматты тапты.

 15 қаңтар күні Қызылорда қаласындағы Панфилов көшесі №3 а мекенжайдағы 5 қабатты тұрғын үйдің шатырында өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Қызылорда облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

112 құтқару қызметіне сағат 20:13-де өрт шыққандығы жөнінде хабарлама түседі. Бұл ақпараттан хабардар болған №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы мен жедел кезекші қызметі дереу оқиға болып жатқан жерге жетті.
 
"Төтенше жағдай болып жатқан жерге жедел жеткен өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы барлау жұмыстарын жүргізіп, 5 қабатты тұрғын үйдің төбесінде көлемі 1×1 болатын көрпешенің жанып жатқанын анықтап, аумақты оқшаулады.Сонымен қатар, тұрғын үй төбесінен ес-түссіз масаң күйде жатқан тұрғылықты жері жоқ азаматты тапты. Мас адамды тексеру нәтижесінде, оның 1979 жылғы азамат екендігі анықталды. Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісінің орынбасары Қиятов Нұрболат табылған адамды қауіпсіз жерге шығарды. Алғашқы көмек көрсетілді. Содан кейін мас адам жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталды", - дейді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Қайратқызы.

Өрттің шығу себебі - болжаммен темекі қалдығын тастау немесе ашық отты пайдалану.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары