16.01.2020, 17:20

Ақтөбе облысындағы тасжолда жол апатынан үш адам қайтыс болды

Фото: uralskweek.kz
Тергеу жүріп жатыр.

16 қаңтарда сағат 1.30-да Самара-Шымкент тас жолында, Ырғыз ауылының маңында жол апаты болды. Бұл туралы «Мой город»-қа сілтеме жасап, Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Лада-21070 көлігінің жүргізушісі, Қырғызстан Республикасының азаматы Арал қаласынан Ырғыз кенті бағытына бет алған. Жол тайғақтығының кесірінен Самара-Шымкент тас жолының 1170 шақырымында көлік дөңгелегі сырғанап, қарсы бетке түскен. Осы сәтте ОҚО тұрғынының басқаруындағы «Шевроле-Круз» автокөлігімен соқтығысқан.

"Апат салдарынан «Лада-21070» көлігінің 29 жастағы жүргізушісі 3 жолаушымен бірге оқиға орнында қайтыс болды, бір жолаушы Ырғыз ауылындағы Орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.Тергеу жүріп жатыр", - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Тегтер: жол апаты