28.11.2026, 01:30

«Мені алаңдатпайды»: Әбілмансұр Серіковтің экс-әйелі ажырасудан кейінгі өмірін баяндады (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Фариза Бекібайдың сөзінше, ажырасқанына қарамастан, бұрынғы қайын жұртымен байланысы үзілмеген. 

Актер Әбілмансұр Серіковтің бұрынғы жұбайы Фариза Бекібай ажырасқаннан кейінгі өмірі мен бұрынғы қайын жұртымен қарым-қатынасы туралы айтты. Ол «TABOO» бағдарламасына берген сұхбатында бұрынғы енесіне деген құрметі мен сыйластығы әлі де сақталғанын жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.  

Фариза Бекібайдың сөзінше, ажырасқанына қарамастан, бұрынғы қайын жұртымен байланысы үзілмеген. Балалары демалыс күндерін әжесінің үйінде өткізеді. Сондай-ақ актриса түсірілімге кеткен кезде балаларын бұрынғы енесіне еш алаңсыз тапсыратынын айтты.

"Менің енем – алтын адам. Бұрынғы енем. Шын мәнінде "мама" ретінде жақсы көремін. Сыйлаймын, құрметтеймін. Сенбі-жексенбі күндері балаларым сол жақта болады. Әкесіне қарағанда сол жақта болады. Сол нәрсе мені алаңдатпайды. Тіпті кейбір кездерде мен түсірілімге кеткен кезде, енеме тастап, қолына ұстатып беріп кетемін. Олармен араластырамын, жақын қарым-қатынастамын. Бұрынғы қайынсіңілдеріммен де жақсы араласамыз. Баяғы сыйластығымыз, қарым-қатынасымыз сақталған", – деді Фариза Бекібай.

Ол балаларының әке жағындағы туыстарымен араласуына ешқандай шектеу қоймайтынын атап өтті. Бұрынғы енесімен және қайынсіңлілерімен де жақсы қарым-қатынаста екенін жеткізді.

Бұдан бөлек, сұхбат барысында Фариза Бекібай бұрынғы күйеуінің шығармашылық жолы мен жеке өміріне қатысты пікір білдіріп, ажырасуға дейінгі және кейінгі қиындықтары туралы да әңгімеледі.