17.01.2020, 10:00

«Балгер» алматылық қыздың 27 млн теңгесін алып, аузын күншығысқа қаратып кетті

Фото: pixabay.com
Жәбірленуші "балгерді" сайт арқылы тапқан.

 "Балгермін" деп алаяқтықпен айналысқан ресейлік азаматша Алматыда ұсталды. Ол өзін "балгермін" деп таныстырып, қазақстандық арудың аузын күншығысқа қаратып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жәбірленуші "балгерді" сайт арқылы тауып, одан Ресейден Алматыға келіп "сиқыр әрекеттерін" жасауды сұраған.  "Балгер "сиқыр әрекеттерін" жасап, жәбірленушінің сеніміне кіріп, 27 миллион теңгесін қағып кеткен", - делінген ПД хабарламасында.  

 Қазіргі уақытта полиция күдіктіні уақытша тергеу изоляторына қамаған. Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.