Нұр-Сұлтандағы барға келушілер алкогольді сусындар тұратын сөрелер жақта жалаңаш бойжеткендердің жүргенін бір кісі видеоға түсіріп алған. Кардан арулардың бірінің келушілерге сусынды таңдауға көмексетіп жүргені бейнеленген деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Nur.kz дерегіне сілтеме жасап.
"Тірі тауар сатып тұрғандай. Мүлде ұяттан безген!", - деп ашуға булықты видеороликті жіберген кісі.
Видео авторының пайымынша, оқиға елордалық барлардың бірінде болған.
Бір қарағанда күмән тудыратын ештеңе жоқ секілді болып көрінеді. Барда клубқа арналған музыка ойнап тұр, ал адамдар тоңазытқыштардағы сусындарды таңдауда. Әйтсе де, көңіл көтеру орнының әкімшілігі келушілерін таңғалдырды. Кадрдан сусын тұрған тоңазытқышқа біреу жақындаған кезде оның іс-әрекетін жалаңаш қыздың қайталайтынын көруге болады. Бұл жай ғана компьютерлік симуляция емес, тірі адам. Ол барға келушілерге сусын таңдауға көмектесіп жатқандай әсер қалдырады. Қызмет көрсетуші қыз болса, өзінің міндетін орындау кезінде жақ ашпайды.
Басшылық қызық жағдайға қатысты пікір білдірді. Директордың сөзінше, мұндай идея барға келушілердің көңілін көтеру үшін ойлап табылған екен.Ол идея адамдардың көңілінен шығып жатқанын да алға тартты. Ал бойжеткендер үшін бұл мамандықтың бір бөлігі.
Бар өкілінің айтуынша, қызметкерлердің міндетіне келушілерге кеңес беру, бос қалған сөрелерді сусындармен толтыру кіреді екен.