$ 494.87  520.65  4.91

«Диваннан жастық алып тұншықтыра бастады»: пациент мейірбикені үйіне шақырып зорлаған

Әйелдің сөзінше, зорлау әрекеті бірнеше сағатқа созылған. Жәбірленуші үй қожайыны басқа жаққа көңіл аударған сәтті ұтымды пайдаланып қаша жөнеледі. Артынша зорлаған кісі оның артынан жүгіріп, ауызбасқы ретінде ешкімге айтпауын, ренжімеуін сұрап, 10 мыңге ұсынады.
Фото: Саратов 24
Фото: Саратов 24

Шығыс Қазақстан облысына қарасты ауылдардың бірінде 45 жастағы тұрғын мейірбикеге айуандық, зорлық жасады деген күдікке ілінді. Қазір мейірбике басынан өткен қорқынышты жағдайдан соң тіпті, жұмысқа шығуға қорқып отыр. Ал жергілікті тұрғындар болса, зорлаушыны заңның барынша қатал түрімен жазалау керек деп отыр. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, "Евразия 1"-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Зубаир ауылында 30 жастағы Жанарды бәрі таниды. Оның үш баласы бар, кіші баласы әлі бір жасқа да толмаған. Жанат шамамен 10 жылдан бері мейірбике болып жұмыс істейді.1 қазанда оны ауыл тұрғыны ауырып жатқанын айтып, үйіне шақырады. Сондықтан мейірбике оған система салып беру үшін әлгі шақыртушы науқастың үйіне барады. Бірақ, пациент арақ ішіп алып, зорлаушыға айналады.

"Тез қимылдап, еденге жықты. Мен жылап, тиіспеуін сұрадым. Үстіме отырып алып, тұрмастан диваннан жастық алып тұншықтыра бастады. Осы кезде тіпті, әл-дәрменім қалмаған еді, ауа жетпей жаттым. Қатты қорықтым. Мен сол сәтте пышақ немесе балтамен бауыздап өлтіреді деп ойладым, - дейді Жанар.

Әйелдің сөзінше, зорлау әрекеті бірнеше сағатқа созылған. Жәбірленуші үй қожайыны басқа жаққа көңіл аударған сәтті ұтымды пайдаланып қаша жөнеледі. Артынша зорлаған кісі оның артынан жүгіріп, ауызбасқы ретінде ешкімге айтпауын, ренжімеуін сұрап, 10 мыңге ұсынады.

Зубаир ауылында бар-жоғы 60 шақты аула бар және барлығы бір-біріне көмектесуге тырысады. Бұл оқиға бүкіл ауылды дүрліктірді. Тұрғындардың сөзінше, зорлау ісіне күдікке ілініп отырған адамның ата-анасы кетіп қалған, ал оның жұбайы жәбірленушіге келіп бірнеше рет кешірім сұрапты.

«Оқиға болған соң 2 аптадан кейін біз ауыл тұрғындары жиналып хат жаздық. Хатқа жасы да кәрісі де қол қойды. Біз зорлаушының заңды, әділ жазаланғанын талап етеміз", - дейді Зубаир ауылының тұрғыны Болатхан Төкешов.

Қазір осы оқиғаға байланысты аудандық сотта іс қаралып жатыр. 

 Зорланған мейірбикеге пәтер мен ақша ұсынған. Бірақ, 3 баланың анасы мұның барлығынан бас тартқан. Қазір ауыл тұрғындары сот шешімінің әділ шықса екен деп алаңдаулы отыр. Себебі, мал дәрігерінің прокуратурада таныстары бар көрінеді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары