$ 514.65  544.6  5.17

Полицей бір отбасын пышақ ұстаған адамнан құтқарамын деп өзі өліп кетті

Оның артында қалған 4 айлық баласы бар.
Фото: kstnews.kz
Фото: kstnews.kz

Қайғылы оқиға 19 қаңтар жексенбі күні Тобыл қаласында болды. 102 нөміріне Комсомольский көшесінде орналасқан үйде отбасылық жанжал болып жатыр деген хабар түскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полицияның патрульдік бригадасы хабар алған соң аталмыш мекенжайға 6 минутта жеткен. Сол жерде бұрын сотты болған 28 жастағы қала тұрғыны бүкіл отбасын қырып, өлтіріп тастамақшы болып қорқытады. Айналасына қауіп төндірген адам пышақ ала жүгірген кезде туысқандары оны үйге қамап тастап, полиция шақырған екен.

 Пышақпен қаруланған азаматты ұстаған сәтте полиция оның қолынан пышақты алды.

 Оқиға болған жерге жеткен медицина қызметкерлері полиция сержанты Дархан Базарбаев есімді азаматтың қайтыс болғанын анықтады. Оның артында қалған 4 айлық баласы бар.

Қазіргі кезде, күдікті ұсталды. Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#полицей