$ 514.65  544.6  5.17

«Анамды шақырыңдаршы!»: 20 жастағы жігіт үйлену тойының ертесіне бесінші қабаттан секірмек болды (ВИДЕО)

Жігіт полицейлерге әйелімен болған жанжалдан кейін ештеңе ойламағанын айтты.

Оралда 20 жастағы азамат Просторная, 4 көшемінде орналасқан үйдің төбесінен шығып секірмекші болған. Бұл оқиға19 қаңтар күні таңғы сағат 04:00 шамасында болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, "Мой город"-қа сілтеме жасап.

Орал қалалық полиция бөлімінің БПП взводының командирі Мұхит Әбілқайыровтың айтуынша, сағат 4.27-де «102» нөміріне қоңырау түскен. Қоңырау шалған адам бес қабатты үйдің төбесінде бір жігіттің секіруге әрекеттеніп жатқанын айтқан. Осы хабарды алған полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетеді.

«Оқиға орнына келгенде бес қабатты үйдің төбесінде «Анамды шақырыңдаршы, мен оны жақсы көремін. Қоштасқым келеді» деп айғайлаған жігітті көрдік. Мен құтқарушыларды шақырдым. Осыдан кейін шұғыл әрекет көмек көрсету тобының қызметкерлері төбеге шықтық. Онымен сөйлесе келе, оның 18 қаңтарда үйленгенін және әйелімен ұрысып, өзін-өзі өлтіруге шешім қабылдағанын білдім. Менімен сөйлескеннен кейін ол мені құрметтейтінін және қолымды алғысы келетінін айтты. Сол сәтте оны өзіме қарай тартып алдым. Ал мені  болса, шұғыл әрекет көрсету тобының қызметкері ұстады», - деді Мұхит.

Осыдан соң, жігіт полицейлерге әйелімен болған жанжалдан кейін ештеңе ойламағанын айтты. Сондықтан, өмірімен қоштасқысы келгенін жеткізді. Ол өз өмірін сақтап қалғаны үшін полиция қызметкерлеріне алғысын жаудырды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Орал